Қарағанды облысы білім басқармасының "Зияткер" мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық жобасы аясында мектебіміздің кіші қызметкерлері белсенді түрде қатысып, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

16.04.2026 күні «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық жобасы аясында мектебіміздің кіші қызметкерлері белсенді түрде қатысып, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Іс-шара барысында қатысушылар мектеп ауласы мен оған іргелес аумақтарды тазалап, қоқыстарды жинау, аумақты абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.