7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» тақырыбында 5–11 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, спортпен шұғылдану, жеке бас гигиенасы және психологиялық саулық туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, тақырыпқа сәйкес бейнероликтер көрсетіліп, пікірталас, сұрақ-жауап және түрлі танымдық тапсырмалар ұйымдастырылды.





