Облыстық олимпиадада гимназия оқушылары тамаша нәтиже көрсетті. Білімдодасына дайындаған пән мұғалімдері Акмарал Еркеновнаны, Салтанат Еркиновнаны, Мұтан Мұратбекті және жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз. Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз.
Жас мамандардың ұстаздық қаситеттерінің қалыптасуына бағыт беру мақсатында 23 қаңтар күні гимназияда Май ауданы мен гимназияның жас мамандарына арналған «Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас маман» - атты семинар-тренинг өткізілді. Семинар соңында бүгінгі бағдарлама негізінде жас мамандар өз ойларымен бөлісіп, көптеген сұрақтарына мағыналы жауап алғандарын айтты.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «USTEM Robotics» қоғамдық қоры, сондай-ақ «Caravan of Knowledge» коммерциялық қоры 2023 жылғы 20-21 қаңтар аралығында Астана қаласында «NURORDA» мектебінің базасында «First Kazakhstan-2023» робототехника бойынша өңірлік чемпионатын өткізді. Гимназияның «Самғау» командасы «Against all odds award» номинациясына ие болды.