Автор: ziyatker
25 қараша мектеп психологі Қ.Ерғалиқызы мектеп ұжымына «Буллинг және зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары» бойынша психокоррекциялық жұмыс тренинг өткізді.
2024 жылдың қараша айында «Жасыл клуб» жұмысының жоспары аясында клуб жетекшілерінің ұйымдастыруымен 10 “В” сынып оқушылары қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Жадыра Нұржанқызымен “Туған өлкенің табиғаты” тақырыбында шығарма жазды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғат байлығын қорғау туралы түсініктерін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
2024 жылы 15 қараша күні 5 «А» сыныбының ата-аналарымен «Әкенің тәрбиедегі рөлі», 6 «А» сыныбының ата-аналарымен «Қолайлы отбасылық атмосфера құру», 8 «А» сыныбының ата-аналарымен «Тәрбиенің сипаты және отбасындағы моральдық ахуал», 5 «С» сыныбы ата-аналарымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа кешірім жоқ», 9 «А» сыныбы ата-аналарымен «Мен және менің ата-анам» тақырыптарында сынып жетекшілер жиналыстарды өткізді. Мектепішілік ата-аналар жиналысы барысында […]
Дүниежүзілік балалар күніне орай «Менің бақытты балалық шағыма құқығым» атты сурет байқауы өтті.
«Театрландырылған ойын — балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру құралы» атты мектеп театры , оқушылардың актерлік шеберліктерін сомдау мақсатында ағылшын тілінде 8 «А», 8 «С» және 6 «В» сынып оқушыларымен «Cinderella» қойылымын ұсынды.
15 қараша күні 5-11 сынып оқушыларына арналған тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Ұлттық валюта-теңге күніне арналған саптық жиын өтті.
8-11 сынып оқушыларына арналған шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық байқауында 🏆3 дәрежелі дипломмен 9 сынып оқушысы Еркибаева Еркежан марапатталды. Жетекшісі: Турсынбекова Т.Т. Құттықтаймыз🥳🥳🥳👏👏👏👍👍👍 #umckrg ##obb_qaragandy
14.11.24 күні әскери тәрбие беру мақсатында 10 — сыныптар арасында «Қалқан» әскери — патриоттық ойындары өтті. Жетекшісі: Балпыков М.Ш. Ойын қорытындысы бойынша: І орын ұлдар арасында Қалиасқар Нұрбек 10″А» сыныбы І орын қыздар арасында Оралхан Зарина 10″В» сыныбы ІІ орын ұлдар арасында Сагадиев Нуран 10″А» сыныбы, Советбек Нұрасыл 10″В» сыныбы ІІ орын қыздар арасында […]
13 қараша күні “Зияткер” ММЛ қабырғасында “Өнегелі өмір” жобасы аясында қаламыздың белгілі ақыны, “Орталық Қазақстан” газетінің журналисі Нұрдос Маратұлы Кәрім қонақта болды. Кездесу ақынның өмірі жайлы ақпарат берумен басталып, жырдан маржан төгумен жалғасты. Тағылымы мен тәрбиесі мол сұрақтар қойылып, өнегелі жиын болды. Оқушылар да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, таным көкжиектерін кеңейтті. Арнайы уақыт бөліп келгені […]
8-9 сынып оқушылары арасында Республика күніне ұйымдастырылған «Менің арманымдағы Қазақстан» облыстық эссе байқауында 8-сынып оқушысы Жарылғап Надира 🏆 3-орынды иеленді. Жетекшісі: Қыдырасқар Жадыра Нұржанқызы. Құттықтаймыз!👍👍👏👏