Аймақтық пікір -сайыс турнирінің анықтамасы
Қыркүйек айының 16 жұлдызында «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейінің ашылуына 5 жыл толуына орай, дәстүрлі «ZIYATKER CUP I» пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге қаламыздан мектеп және колледж студенттері арасынан 18 команда қатысты. Тартыс АПФ және ЛД форматтарында болды. Алаңда қозғалған тақырыптар бүгінгі күнде өте актуалды болғанын тілге тиек еткен жөн. Қатысушылар 3 іріктеу ойыны, жартылай финал және финалда бақ сынасты. Сонымен қатар, көптің ішінен үздік деп танылған 4 спикер ЛД форматында ойын көрсетті. Турнирімізге демеуші болып қаламыздың белді кәсіпкерлері Серік Қасымбеков және «INFINITY» сауда үйі ат салысты.
Турнир нәтижесі бойынша 1 орын және 20000 тг ақшалай жүлдені Политехникалық колледждің «ЖҰЛДЫЗ» командасы иемденді, ал 2 және 3 орынды Абай мектебінің «САНА» дебат клубының «SaNa» және «ЭЛИТА» фракциялары қанжығаларына байлады. «ҮЗДІК ТАЛПЫНЫС» номинациясын қаламыздың ЖББ 8 орта мектебінің «ӨРКЕН» дебат клубы иемденді. Турнирдың тағы бір ерекшелігі енді ғана пікірсайыс алаңына қадам басып келе жатқан жасөспірімдер үшін «ЖАСТАР ФИНАЛЫНЫҢ» болуында. Жастар финалы жеңімпазы 7 мектеп-лицейінің «СӘКЕН ЖАСТАРЫ» фракциясы болды.