«“Сарыарқа дарыны” балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми практикалық орталығы ұйымдастыруымен өткен форумда Зияткер” ММЛ оқушылары номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды»
Автор: Зияткер
“Сарыарқа дарыны” балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми практикалық орталығы ұйымдастыруымен өткен Республикалық “Мамандықтар әлемін ашамыз” атты форумның облыстық кезеңінде “Зияткер” ММЛ оқушылары келесі номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды: “Мен мамандықтықты…таңдаймын” номинациясында 11А сынып оқушысы Сагнаева Адина жүлделі 2 орын, Ли Максим арнайы мадақтама, Мусин Абылайхан сертификат, “Болашақтың мамандығы…” номинациясында 10В сынып оқушысы Сизиков Владислав жүлделі 3 орын, “Менің мамандығым - менің бизнесім” номинациясында 10В сынып оқушысы Чинарова Дарьяна жүлделі 2 орын, Рыспай Ерұлан сертификатпен марапатталды. Барша қатысқан, жүлдеге ие болған оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз!