««ӨНЕГЕЛІ ӨМІР»»
Автор: Зияткер
«ӨНЕГЕЛІ ӨМІР»
Наурыз айының 15 жұлдызында «Зияткер» ММЛ қабырғасында «Өнегелі өмір» айдарында Балқаш қаласының белді журналисті, ақын, сазгер, шежіреші Қуандық Мақсұтұлы Сәденов қонақта болды. Кездесу оффлайн форматта 10 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Сұхбат Қуандық Мақсұтұлы өмірінің өрнегін өруден бастау алып, шығармашылығымен жалғасып, шежіре, мамандық таңдау, жалпы бүгінгі күннің өзекті мәселелерін талқылаумен жалғасты. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, кеңес алды. Сөз соңында Қуандық Мақсұтұлы жас ұрпаққа жүрек жарды тілектерін арнап, мектеп ұжымына, «Шашубай» және Хасен Бижановтың «Оружение, дела и встречи» кітаптарын сыйға тартты. Қуандық Мақсұтұлына арнайы уақыт бөліп, қонақ болғанына алғыс жариялаймыз!