«18 қаңтар күні «Зияткер» мамандандырылған мектеп – лицейі қабырғасында «ӨНЕГЕЛІ ӨМІР» айдары бойынша қонақ болған - Астана жастар мәслихатының депутаты Сержан Сағынұлы Есжанов.»

САУАТТЫ ҰРПАҚ – ЕЛ ЕРТЕҢІ
18 қаңтар күні «Зияткер» мамандандырылған мектеп – лицейі қабырғасында «ӨНЕГЕЛІ ӨМІР» айдары бойынша қонақ болған - Астана жастар мәслихатының депутаты Сержан Сағынұлы Есжанов. Сұхбат жастардың мамандықты дұрыс таңдауы, саяси сауатты болуы, бәсекеге қабілетті, әрі өз жолын дұрыс қалыптастыруы жайлы өрбіді. Кешегі күннің жастары мен бүгінгі күннің жастарының ерекшеліктері талқыланып, ел ертеңі – жастардан күтілетін үміт жайлы әңгіме тарқатылды. Әр жас ұрпақ бойынан табылу керек қасиеттер сараланды. 40 минутқа созылған сұхбат жас өскелең ұрпаққа кеңес берілу, сәттілік тілеумен аяқталды.