
«BOLASHAQ CUP VII – ЕРЕКШЕ МИКС»
Қысқы каникул мерзімінде «Зияткер» мамандандырылған мектеп – лицейі іргесінде «BOLASHAQ CUP VII – ЕРЕКШЕ МИКС» атты қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Сайысқа қаламыздан 28 спикер қатысты. Турнирге мектебіміздің намысын қорғау үшін мектеп директоры Ернат Амарханович пен кәсіби бағдар беруші Назерке Талғатқызы ат салысты. Бәсеке 5 раундтан құралды. Ерекшелігі сол – әр раунд сайын пікірсайысшылар әріптестерін ауыстырып отырды. Турнир нәтижесі бойынша: жоғарғы лигада Ернат Аринов 1 орынды, Назерке Бегімбаева 2 орынды қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, «Зияткер» дебат клубы мүшелері Жәнібек Кайратович, Гүлжазира Өмірбекқызы, Аслан Маратұлы және 10-11 сынып оқушылары төрешілік етті.