Қарағанды облысы білім басқармасының
"Зияткер" мамандандырылған мектеп-лицейі
Специализированная школа-лицей "Зияткер"
управления образования Карагандинской области
полезные ссылки
Аналитика сайта
За год9447
За месяц528
За неделю84
Вчера4
Сутки12
«2022 жылдың 21-30 қараша күндері аралығында «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейінде 8-11 сынып оқушылары арасында, 1-желтоқсан ЖҚТБ-мен күрес күніне арналған «ЖҚТБ-ғасыр дерті» тақырыбында плакаттар байқауы өтті.»
Автор: Зияткер
02-12-2022 16:23
2022 жылдың 21-30 қараша күндері аралығында «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейінде 8-11 сынып оқушылары арасында, 1-желтоқсан ЖҚТБ-мен күрес күніне арналған «ЖҚТБ-ғасыр дерті» тақырыбында плакаттар байқауы өтті.

ЖҚТБ-ғасыр дерті плакаттар байқауы

      2022 жылдың 21-30 қараша күндері аралығында «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейінде 8-11 сынып оқушылары арасында, мектеп аға тәлімгері және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен  1-желтоқсан ЖҚТБ-мен күрес күніне арналған «ЖҚТБ-ғасыр дерті» тақырыбында плакаттар байқауы өтті.

        Байқаудың мақсаты: Байқау ЖҚТБ - инфекциясының алдын алу және СӨС насихаттау бойынша үздік жұмыстарды қолдау және трансляциялау мақсатында өткізіледі. Оқушыларға ЖҚТБ - ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырғанкеселдің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖҚТБ - ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершіліктерін орнықтыру.

      Байқауға барлығы 6 жұмыс қабылданды. Жұмыстардың барлығы тақырыпты жақсы ашқан, бірақ байқау болған соң жеңімпаздарды анықтадық. Арнайы құрылған әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша 1-орын 8 в сынып оқушысы Исаханова Айша, 2-орын 10в сыныбы және 8 в сынып оқушысы Керымбекова Карина және 11 в сынып оқушылары, 3-орын 9 а сыныбы, 10а сыныбы және 8 а сынып оқушылары иеленді.

Барлық қатысушылар мадақтамалармен марапатталды.