полезные ссылки
Аналитика сайта
За год7479
За месяц584
За неделю135
Вчера24
Сутки15
«1-Желтоқсан Халықаралық ЖҚТБ мен күрес күніне орай ұйымдастырылған «ЖҚТБ- ғасыр індеті» плакаттар байқауы »
Автор: Зияткер
30-11-2021 18:54
1-Желтоқсан Халықаралық ЖҚТБ мен күрес күніне орай ұйымдастырылған «ЖҚТБ- ғасыр індеті» плакаттар байқауы

     «Зияткер» мамандандырылған мектеп-интернатында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері және аға тәлімгердің ұйымдастыруымен 22-27 қараша күндері аралығында 1-желтоқсан Халықаралық ЖҚТБ-мен күрес күніне арналған «ЖҚТБ –ғасыр індеті» тақырыбында мектептің 8-11 сынып оқушылары арасында  плакаттар байқауы өтті. Байқаудың  мақсаты:Байқау ЖҚТБ - инфекциясының алдын алу және СӨС насихаттау бойынша үздік жұмыстарды қолдау және трансляциялау мақсатында өткізіледі.Оқушыларға ЖҚТБ - ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырғанкеселдің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖҚТБ - ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершіліктерін орнықтыру болып табылды.Байқауға барлығы 8 жұмыс тапсырылды.Арнайы әділ-қазы алқаларының шешімімен 1- орынға 8 «С» сынып оқушылары, 2-орынға 8 «А», 3-орынға 8 «В» сынып оқушылары ие болды.

\