полезные ссылки
Аналитика сайта
За год7479
За месяц584
За неделю135
Вчера24
Сутки15
««Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбындағы суреттер байқауы»
Автор: Зияткер
15-11-2021 13:01
«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбындағы суреттер байқауы

       2021 жылдың қараша айында «Зияткер» мамандандырылған мектеп-интернатының 5-7 сынып оқушылары арасында «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жылдық жоспарына сай «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбындағы суреттер байқауы өтті.

      Байқауды өткізудің мақсаты - өскелең ұрпақтың арасында жалпыға бірдей еңбек, адалдық және сатылмаушылық идеяларын мінез-құлық нормасы болуы қажет деп түсінуін тарату.

      Өз жұмыстарында оқушыларөзінің еңбегіне деген шыншылдық қатынас, адалдық, параға төзбеушілік туралы білімдерін бейнелеген. Барлығы байқауға 10 жұмыс тапсырылды. Байқаудың соңында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

      Байқауға келіп түскен жұмыстарды саралап, қорытындылау нәтижесінде келесі жеңімпаздар анықталды:
І орынды 7 «В» сынып оқушысы Исаханова Айша және 6 «С» сынып оқушысы Сарсембаева Мадина өзара бөлісті

ІІорынды 6 «С» сынып оқушылары: Ли Михаил,Бейсенгали Рустем, 5 «А» сынып оқушысы Ахылбек Аружан өзара бөлісті

ІІІ орынды 6 «С» сынып оқушылары: Жакен Дархан,Бакыт Темирлан, 5 «А» сынып оқушысы Мейрам Сағыныш, 5 «В» сынып оқушысы Бойко Дарья және 6 «А» сынып оқушысы Кайрберлин Дарын өзара бөлісті.

       Өскелең ұрпақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша мектепішілік жоспарды жүзеге асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және қоғаммен ынтымақтастық бойынша, оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және оның кез-келген түріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіліп отырғандығын атап өту керек.