полезные ссылки
Аналитика сайта
За год6117
За месяц627
За неделю176
Вчера9
«Көктемгі каникул кезінде «Зияткер» мамандандырылған метеп-интернатында біршама іс-шаралар өткені туралы есеп »
Автор: Зияткер
03-04-2021 09:26
Көктемгі каникул кезінде «Зияткер» мамандандырылған метеп-интернатында біршама іс-шаралар өткені туралы есеп

 

«Қазақстан балалары – көктем шақырады!» көктемгі каникул кезінде оқушылардың сапалы және қауіпсіз демалысын ұйымдастыру туралы ұсыныстарға сүйене отырып құрылған жоспар бойынша «Зияткер» мамандандырылған метеп-интернатында біршама іс-шаралар өткені туралы есеп  

  Биыл оқушылардың  көктемгі демалысы наурыздың 20-31 дейін жалғасты,  демалысты сапалы және қауіпсіз өткізу мақсатында  оқушылармен түрлі тақырыптағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Әр іс-шараға жеке тоқтала кетсек:

   20-наурыз «Даналық пен білім» күніне орай  «Зияткерлік тәрбие» тақырыбында 9 «В» сынып оқушылары арасында, метептің тарих мұғалімі  Алтымбеков Еркебұлан Қайратұлының бастауымендебаттық ойындары өтті.Оқушылардың барлығы белсене қатысты,ойын қызықты әрі тартысты өтті.

    Сонымен қатар осы күні сағат 12:00 де«Атадан қалған асыл сөз» тақырыбында 6А,6В сынып оқушыларымен қазақ тілі мұғалімі Жаманкузова Гүлнар Куатовнаның ұйымдастыруымен  интеллектуалды ойыны өтті.

       Наурыз айның 21 күні «Отбасылық тәрбие» күніне орай қазақ ұлттық тағамдарының жасалу жолдарын көрсету ұйымдастырылды. 5 «А»,9 «А»,9 «В» сынып оқушылары бауырса-шелпек, «Наурыз көже» даярлау жолдарын бейнеге түсіріп жіберді,бейнелер мектептің әлеуметтік желілеріне орналастырылды.

https://www.instagram.com/p/CMlvexqpNVY/?igshid=1ghye78edqcgq

https://www.instagram.com/tv/CMlvX2Bpx-0/?igshid=1cbl4tv4fy4r5

Дәл осы күні сағ 12:00 де мектептің 9 В сынып оқушыларымен мектептің психологы: Ракишева Рада Галымовна  кәсіптік бағдар  «Сынып ұжымын біріктіруге арналған тренинг» өткізді. Оқушылар   ұжымды біріктіруге арналған ойындар ойнап,тест сұрақтарына жауап берді.Тренинг кезінде түсірілген суреттер мектептің әлеуметтік желілеріне орналастырылды.

https://www.instagram.com/p/CM1wQjTJkH9/?igshid=xt7hi4q3eint

    

        Наурыздың 22-күні  «Ұлыстың ұлы күні» -не орай мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Қош келдің,Әз Наурыз!»  тақырыбында шағын театрландырылған салт-дәстүрлерден көрініс түсірілді.Сыныптар бірі «Бесікке салу дәстүрін» бірі «Тұсау кесу дәстүрін» жарысып көрсетті.Түсірілген бейнелер мектептің әлеуметтік желілеріне орналастырылды.

https://www.instagram.com/tv/CMqk2Fyprke/?igshid=5p3pydd7yoq0

https://www.instagram.com/tv/CMq27E_pmS8/?igshid=1gvo10verooi6

https://www.instagram.com/tv/CMral0JpZTA/?igshid=7zrxgeiqlfn5

https://www.instagram.com/tv/CMra684J2-r/?igshid=1un2vz54sz8hk

https://www.instagram.com/tv/CMrbLTdJRO_/?igshid=ag1z6wr36tkm

       23.03.2021 күні «Жоралғы күні» яғни«Ұмытылған дәстүрді көрсету» ұйымдастырылды. 9 А сынып жетекшісі оқушыларымен «Шаш өру» және «Бесікке салу дәстүрін» көрсетті.Жіберілген бейнелер мектептің әлеуметтік желілерінде орналастырылды.

https://www.instagram.com/tv/CMq27E_pmS8/?igshid=1gvo10verooi6

https://www.instagram.com/tv/CMqk2Fyprke/?igshid=5p3pydd7yoq0

     Наурыз айының 24 күні Табиғат күніне байланысты «Ағаш отырғызу атадан қалған мирас»акциясы аясында 11- сынып оқушылары мен ата-аналары  мектептің айналасына түрлі жеміс ағаштарын отырғызды.Ағаш отырғызу барысындағы суреттер мектептің әлеуметтік желілеріне орналастырылды.

      

       Наурыздың 25 күнідене тәрбиесі салауатты өмір салты, дене шынықтыру және спорт, физикалық жетілу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастыру мақсатында Шымырлық пен шеберлік күніне орай 5-6 сынып оқушыларымен мектептің дене шынықтыру мұғалімінің бастауымен «Менің денсаулығым –менің қолымда! » атты футбол ойыны ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/tv/CNB7PeZptP4/?igshid=1j6u8hj7dlbj0

   26 наурыз - Оқу және жазу мәдениетінің күні буктрейлер «Біздің сүйікті кітабымыз» атты отбасылық кітап оқу күні жарияланды,яғни бұл күні оқушылар кітапхана меңгерушісінің ұсынысқа берген кітаптарының ішінен біреуін таңдап,отбасымен бірігіп оқып,ол кітап жайлы қысқаша бейне түсіру тапсырылды.Оқушылардың көбі қызығушылық танытып, белсене қатысты.

    Наурыздың 27-сі күні - Кино күніне орай  «Менің сүйікті фильмім» атты кино көру күні жарияланды,оқушыларға арнайы киноларға сілтемелер беріліп,сол сілтемелер бойынша киноларды көру тапсырылды.Көріп болған соң кино жайлы өз ойымен бөлісу ұсынылды.Оқушылар бейнеде бұл кино не жайлы,басты рөлдерде кім,киноның басты мақсаты не сол жөнінде басқа оқушылармен бөлісті.

   28.03.21 күні көркем еңбек мұғалімдерінің бастауымен Игі істер күніне орай қолдан жасалған бұйымдардан көрме ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/p/CMlujneJ-lZ/?igshid=dqa89iqhbi6k

https://www.instagram.com/tv/CMlu1LLJiVI/?igshid=ezp44w1inxw6

    

   Наурыздың  29 күні 7 «А» сынып оқушылары сынып жетекші Спатаева Ш.С.мен   Ұлы даланың жеті қыры «Ежелгі қолөнер шеберханасы» тақырыбындағы мұражай сабақтарына барып қайтты.Оқушылар берілген тақырыпта білімдерін кеңейтіп қана қоймай,түрлі қызықты ақпараттар біліп қайтты.Оқушылар мұражай қызметкеріне өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып,уақыттарын тиімді өткізді.

            

    30-наурыз  Үстел үсті ойындары күні аясында  оқушылармен «Экологиялық қобдиша» ,«Монополия» ойындары ойналды. Оқушылар үлкен қызығушылықпен ойнады.

       Наурыздың 31-і  Жас блогерлер күніне орайоқушыларға «Наурыз күнгі қызықты оқиға», «Демалыстағы қызықты оқиға» тақырыптарына бейнеролик немесе эссе жазу тапсырылыды.Оқушылардың бірі эссе жазып беріп жатса,енді бірі өз басынан өткен қызықты оқиғасын бейнеге түсіріп жіберіп жатты.Ең қызық деген оқиғалар мектептің әлеуметтік желілеріне орналастырылды.

https://www.instagram.com/p/CNHVX_BJO_B/?igshid=33zvsvu1y397

https://www.instagram.com/tv/CNHVgFFpZuS/?igshid=j1aocn7ssu9g