
«Зияткер» мамандандырылған мектеп-интернатында Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған іс-шаралар есебі
«Зияткер» мамандандырылған мектеп-интернаты наурыз мерекесінің алғашқы күнін амал мерекесімен яғни көрісу күнінен бастады. 11 А сынып оқушылары ерте келіп қалған оқушыларды әсем әуенде ұлттық киіммен қарсы алып Наурыз құтты болсын, ақ мол болсын, жылдан жылға аман есен жетейік деген ыстық тілектерін баршаға арнады.
Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. Көрісу дәстүрінің тарихына үңілсек, ертеректе жапан далада қыс айларында мал баққан көпшенді халық бір-бірімен көрісе алмай, бір-бірін тек көктем келгенде Наурыз мейрамына қарай көре алған екен. Сол уақыттан бері көрісу дәстүр ретінде сақталып қалған. Шығыс елдерінің кезіндегі күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы хамал (амал) айының 1 жұлдызы болып есептеледі. Хамал деп отырғанымыз Тоқты шоқжұлдызының ескі парсыша атауы екен. Күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады деген ұғым қалыптасқан. "Наурыз" сөзі "жаңа күн" дегенді білдіреді. Ертеде қазақ бұл күнді "наурыз" демей "амал" деген. Бұл сөздердің айырмашылығы жоқ деуге болады. Ал бұл қазіргі күнтізбе бойынша 14 наурызға сәйкес келіп отыр. Наурыз мерекесінің басталуы құтты болсын.
https://www.instagram.com/tv/CMbI01KAna1/?igshid=f0uqk2z40myh
Наурыздың 16-17 күндері «Шежіре күні», «Тарихқа тағзым күні» тарих мұғалімдерініңұйымдастыруымен қалалық мұражай қызметкері Қожықов Дәулет Асылханұлымен «Қарты бар үй-қазына» тақырыбында онлайн кездесу өтті.Дәулет Асылханұлы тақырыпқа байланысты оқушыларға көп мағұлмат берді, оқушылар да өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап алды, кездесу танымды әрі қызықты өтті.
https://www.instagram.com/tv/CMrjOofJPTO/?igshid=yd750u9vtj0k
18.03.21 күні «Игі істер күні» көркем еңбек мұғалімдері оқушылардың қолдан жасалған бұйымдарынан көрме ұйымдастырды,сонымен қатар оқушылар өздері жасаған жұмыстары жайлы бейнелерде түсірді,онда оқушылар жұмысты орындау үшін керек заттар тізімімен және жасалу жолдарымен бөлісті,барлық бейнелер мектептің әлеуметтік желілеріне орналастырылды.
https://www.instagram.com/p/CMlujneJ-lZ/?igshid=dqa89iqhbi6k
https://www.instagram.com/tv/CMlu1LLJiVI/?igshid=ezp44w1inxw6
Осы күні «Шымырлық пен шеберлік күні» ұлттық ойындар күнідене шынықтыру мұғалімі Жүзбай Бөкейхан Ерғазыұлының 5-6 сынып оқушыларымен қазақтың ұлттық ойындарын үйрету жұмыстарын жүргізді. Оқушылар қазақтың ұлттық ойындары «Тоғызқұмалақ», «Бестас», «Асық ату», «Арқан тартыс» ойындарын ойнап,олардың қыр-сырымен танысты,білетіндері өзара жарысып та жатты.Іс-шара туралы қысқаша бейнематериал мектептің әлеуметтік желілеріне орналастырылды.
https://www.instagram.com/tv/CMlvrcGpSRt/?igshid=fe0bh2tb9q4d
https://www.instagram.com/tv/CMlwbKEJLXz/?igshid=1p6hgh4g4e44u
https://www.instagram.com/tv/CMpfsNQJWF1/?igshid=1say2jtrs6obb
Наурыздың 19 күні яғни «Зияткерлік күні» мектептің 7-ші сынып оқушыларымен «Тарих сыр шертеді» тақырыбында интеллектуалды марафон өтті,сыныптар өзара сұрақтарға жауап беру арқылы жарысты.
https://www.instagram.com/tv/CMpc8K1pzGP/?igshid=do2rymmdl747
Дәл осы күні «Ұлттық тағамдар күні» 5-11 сынып оқушыларына бір жеті бұрын онлайн ұлттық тағамдардың (бауырсақ, ет, ақ өнімдері, тары, талқан тб.) даярлау жолдарын көрсету тапсырылды,оқушылар бірі анасымен,бірі әжесімен ұлттық тағамдар даярлаған бейнелерін жіберді,барлық бейнематериалдар мектептің әлеуметтік желілерінде орналастырылды.
https://www.instagram.com/tv/CMlvX2Bpx-0/?igshid=kjcuevsvi8lf
https://www.instagram.com/p/CMlvexqpNVY/?igshid=1ra360lx1uu56
20-наурыз күні екі күнді қосып өткізуді жөн көрдік яғни «Жоралғы күні» мен «Ұлыстың ұлы күні» мектептің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің бастауымен «Қош келдің, Әз Наурыз!» тақырыбында шағын театрландырылған салт-дәстүрлерден көрініс ұйымдастырылды. Мұнда тек салт-дәстүрлер ғана көрсетілмей, қазақ қыздарының тәрбиесі туралы және ұлттық ойндардан да шағын көрсетілім түсірілді. Барлық бейнематериалдар мектептің әлеуметтік желілерінде орналастырылды.
https://www.instagram.com/tv/CMq27E_pmS8/?igshid=1bg5ifwiuxujz
https://www.instagram.com/tv/CMqk2Fyprke/?igshid=uo1zixn5ktnf
https://www.instagram.com/tv/CMrbLTdJRO_/?igshid=1359luxas5bdq
https://www.instagram.com/tv/CMra684J2-r/?igshid=ulh4iz58x30r
https://www.instagram.com/tv/CMral0JpZTA/?igshid=1l79ju6z7t6l