полезные ссылки
Аналитика сайта
За год6117
За месяц627
За неделю176
Вчера9
«2021 жылдың 17 наурызында «Төле би – адалдық пен әділдіктің негізін қалаушы» тақырыбында «Зияткер» мамандандырылған мектеп -интернатында адалдық сағаттары өтті. »
Автор: Зияткер
17-03-2021 13:57
2021 жылдың 17 наурызында «Төле би – адалдық пен әділдіктің негізін қалаушы» тақырыбында «Зияткер» мамандандырылған мектеп -интернатында  адалдық сағаттары өтті.

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

    2021 жылдың 17 наурызында «Төле би– адалдық пен әділдіктің негізін қалаушы» тақырыбында «Зияткер» мамандандырылған мектеп - интернатында  адалдықсағаттары  өтті. Адалдықсағаты барысында оқушылар Төле бидің осынша тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттерімен танысты. Соның негізгілері: ел мұратына деген кіршіксіз адалдық, билік айтардағы қара қылды қақ жарған әділдігі, ақиқатты ту етіп көтеруі. Төле бидің өмірлік ұстанымындай болған «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік өлшемі. Нақты осы қасиеттері бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін – таптырмас өнеге. Төле бидің өмірі дүниеге жаңа қадам басқан жастардан бастап, ересек тұлғаларға дейін рухани ұстаным бола алады. Заманын болжай білген Төле би «Алдыңа келсе бітпес дау, әділін айтып қорғаңыз» деп әділдікті ең басты құндылық ретінде ұстанады. Сондықтан да бабамыздың әрбір сөзі тәрбиелік мәні зор адамгершіліктің алтын қоймасы іспеттес. Төле би әр істе ұятты ұмытпауға шақырады. Адалдық сағаттары 5-11 сынып арасында онлайн және офлайн форматта өтті.