«23 қаңтар күні 6В сыныбымен "Кешегі Қожа мен бүгінгі Қожаны салыстыру" атты пікіралмасу сабағы өтті.»

23 қаңтар күні "Оқу сауаттылығы" апталығының аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Калибекова Гульнур Каниятовна 6В сыныбымен "Кешегі Қожа мен бүгінгі Қожаны салыстыру" атты пікіралмасу сабағын өткізді. Мақсаты: "Менің атым - Қожа" мен 2008 жылы экранға шыққан "Менің де атым Қожа" атты екі фильмдегі Қожаны салыстыру, екі фильмнің ерекшелігіне тоқталу. Сабақ барысында оқушылар қосымша ізденген ақпараттары мен алған әсерлерімен бөлісті.