полезные ссылки
Аналитика сайта
За год5157
За месяц654
За неделю238
Вчера2
Сутки22
«"Бір отбасы - бір кітап"»
Автор: Зияткер
23-12-2020 13:39

   

           Отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту, оқырмандардың жан дүниесінде ізгілік қалыптастырып, кітап оқуға деген қызығушылықты ояту мақсатында осы оқу жылының қазан айынан бастап "Бір отбасы-бір кітап" атты облыстық жобасы жүргізілді. 22 желтоқсан күні мамандандырылған мектептер арасында осы жобаның облыстық кезеңіне іріктеу жүргізіліп, оған біздің мектептен 3 отбасы қатысты:
5-6 сыныптар арасында Саятова Тоғжанның (6В) отбасы (жетекшісі Калибекова Г.К.), 7-8 сыныптардан Кумисбаева Хадистің (8А) отбасы ( жетекшісі Жаманкузова Г.К.) және 9-10 сыныптар арасында Нұғман Анел (9В) (жетекшісі Турсынбекова Т.Т.) өз отбасымен қатысты.
Байқаудың қорытындысы:
5-6 сыныптар арасынан Саятова Тоғжанның отбасы III орын,
7-8 сыныптар арасынан Кумисбаева Хадистің отбасы III орын. Жеңімпаз отбасыларын құттықтаймыз!