«Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейінде 13 мен 20 қыркүйек аралығында Мектеп парламентінің Президентін сайлауы өтті. 9-11 сынып оқушыларынан 6 оқушы өз кандидатураларын ұсынды. Сайлау қорытындысы бүгін яғни 23 қыркүйек саптық жиында жарияланды.
Бюлетеньді санау қорытындысы бойынша
Ең көп 83 дауыс жинаған 10 «А» сынып оқушысы Келісім Бекнұр Мектеп Парламенті Президенті болып тағайындалды.
1. 9″В» сынып оқушысы Ескелді Еңлікгүл- «Мәдениет фракциясы».
2. 9 «В» сынып оқушысы Мәулен Нұрсұлтан-«Спорт фракциясы»
3. 9 «С» сынып оқушысы Сарсембаева Мадина — «Экология фракциясы»
4. 10 «С» сынып оқушысы Колесникова Виталина «Дебат фракциясы»
5. 11 «А» сынып оқушысы Ескелді Айшагүл «Акпарат және автоматизация фракцияларының басты мүшелері болып тағайындалды. Құттықтаймыз. «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелерін мақтан тұтып, алда үлкен үміт күтеміз. Сәттілік!