Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың қараша айында «Жасыл клуб» жұмысының жоспары аясында клуб жетекшілерінің ұйымдастыруымен 10 “В” сынып оқушылары қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Жадыра Нұржанқызымен “Туған өлкенің табиғаты” тақырыбында шығарма жазды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғат байлығын қорғау туралы түсініктерін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.