Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылы 15 қараша күні 5 «А» сыныбының ата-аналарымен «Әкенің тәрбиедегі рөлі», 6 «А» сыныбының ата-аналарымен «Қолайлы отбасылық атмосфера құру», 8 «А» сыныбының ата-аналарымен «Тәрбиенің сипаты және отбасындағы моральдық ахуал», 5 «С» сыныбы ата-аналарымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа кешірім жоқ», 9 «А» сыныбы ата-аналарымен «Мен және менің ата-анам» тақырыптарында сынып жетекшілер жиналыстарды өткізді. Мектепішілік ата-аналар жиналысы барысында Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясын қабылдағанына 35 жыл, ратификацияланғанына 30 жыл және Дүниежүзілік балалар күні жарияланғанына 70 жыл (20 қараша) күні тойлайтыны туралы ақпарат берілді. Тақырыптарға байланысты сұрақтар, қызықты жағдаяттар талқыланды.