9 желтоқсан күні «Тарих толқынында» тарихи сауаттылық апталығының ашылу салтанатты болып өтті. Ашылу салтанатының тақырыбы:
«Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы: Қазақстанның дамуындағы ғалымның рөлі» Қаныш Сәтбаев туралы өткізілген ашылу салтанатының нәтижесінде қатысушылар ғалымның өмірі мен қызметіне қатысты жаңа мәліметтер алып, оның Қазақстан ғылымына қосқан зор үлесін тереңірек түсінді. Сәтбаевтың тарихи тұлғасын танып-білуге және жастардың ғылыми салаға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Салтанатты жиын соңында «Менің Отаным — Қазақстан» әні орындалып, бұл сәт барлық қатысушылар үшін үлкен әсер қалдырды. Ән арқылы олар елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін білдірді.